Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэ «Достық» орденінің I дәрежесімен марапатталды. Азия гимнастика одағының президенті Абдулрахман Аль-Шатри «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталды.
Марапаттар Қазақстан мен әлемде гимнастиканы дамытуға қосқан үлесі үшін тапсырылды. Кездесуге екі федерация басшысы да қатысты.
Тараптар елде гимнастикалық спорт түрлерін дамыту және танымал ету бойынша ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын талқылады.