Жарыстарға жеті елден 185 спортшы қатысты: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және Тайбэй. Чемпионат екі күнге созылды: бірінші күні спринтте медальдар ойналды, екінші күні — жеке жарыста.
Екі күннің қорытындысы бойынша қазақстандықтар барлық жас санаттарында — жасөспірімдер мен қыздардан ересектерге дейін жалпы есепте көш бастады.
Бірінші күні паралимпиадалық чемпион Ербол Хамитов пен оның жаттықтырушылар штабын ақшалай сертификаттармен марапаттау рәсімі де өтті.