Спорт

Мұзтау (Белуха) шыңы

Мұзтау (Белуха) шыңы — Таулы Алтайдың ең биік нүктесі, 4509 м. Тау Қазақстанның солтүстік-шығысында, Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан. Мұзтаудың … пішінді екі шыңы бар…

5 қыркүйек 2014 · 21:03·Оқу: 3 мин

Мұзтау (Белуха) шыңы
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·5 қыркүйек 2014

Белуха тауы — Таулы Алтайдың ең биік нүктесі, 4509 м. Тау Қазақстанның солтүстік-шығысында, Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Белуханың формасы бұрыс

gora-beluha-big-1 пирамидаларға ұқсас екі шыңы бар, шыңдардың беткейлері тік әрі жарлауытты, 300-500 метр төменде қармен жабылған ер тәрізді белдеу жатыр. Белуха шыңы — қуатты тау массиві. Ол көрші жоталардан 200 метрден астам биікке көтеріледі, абсолюттік биіктік бойынша бірінші орын дәл соған тиесілі. Таудың беткейлері мәңгілік қарлармен және мұздықтармен жабылған. Белуха тауы альпинистер мен тау туризмі үшін қызығушылық тудырады. Жыл сайын Ресейден Қазақстанға және Қазақстаннан Ресейге келетін туристер ағыны артып келеді, көбісі өтпелі маршруттармен жүреді. Белуха ежелден құпиялар мен аңыздар шырмауымен оранған. Көбісі сол жерде бір жұмақ бар, ол адамдар жойылғаннан кейін орнайды деп санайды.

Белуха ауданы сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан, мұнда жиі шағын жер сілкіністері болады, нәтижесінде Белуханың мұзды жамылғысында жарықтар, опырылулар мен қар көшкіндері пайда болады. Белуха тауы ауданындағы климат өте қатал. Белуханың етегінде қатты аяздар наурызға дейін тұрады. Ал Белуханың шыңында жазда да температура -20 градус С-қа дейін төмендеп кететіні жиі болады. Тауға саяхат жасаудың ең жақсы уақыты — шілденің соңы мен тамыз. Белуха тауына алғаш рет 1835 жылы Алтайда танымал ғалым әрі зерттеуші, Колывано-Воскресенск зауыттарының дәрігері Геблер Фридрих Вильгельмович жеткен.

Пікірлер