Қоңырөзек ауылдық округінде құйын электр желілерінің жеті тірегін зақымдады. Төрт елді мекен уақытша жарықсыз қалды.
Чистополье, Вознесенка және Надаровка селоларында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қоңырөзекте жұмыстар тәулік бойы жалғасуда: 25 адам және сегіз техника бірлігі жұмылдырылған.
Зардап шеккендерге көмек
Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары құрылыс материалдарын сатып алуға демеушілік қаражат бөлді.
Қоңырөзекте сумен жабдықтау және ұялы байланыс үздіксіз жұмыс істейді. Көшелер табиғи апаттан кейін тазартылды.
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті смерчтің қайталануы мүмкін екендігі туралы ескертті.