Қоғам

Астанада 22 заңсыз зейнетақы тағайындау жағдайы анықталды

Астанада 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында зейнетақы төлемдерін заңсыз тағайындаудың 22 жағдайы анықталды, жалпы сомасы 2,9 млн теңге.

9 шілде 2026 · 15:29·Оқу: 1 мин

Астанада 22 заңсыз зейнетақы тағайындау жағдайы анықталды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·9 шілде 2026

Бұл туралы Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің астаналық департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

Оның сөзінше, бүгінгі күні заңсыз төленген қаражаттан екі миллион теңгеден астамы республикалық бюджетке қайтарылды.

Қазіргі уақытта астанада 157 мыңнан астам адам зейнетақы төлемдерін алады. Аймағамбетов зейнетақы рәсімдеу кезінде азаматтар тек шынайы мәліметтерді ұсынуы және заңнама талаптарын сақтауы тиіс екенін еске салды.

Пікірлер