Жыртқыштарға арналған жаңа қоршаулар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар, бүкіл хайуанаттар бағының реконструкциясы бойынша құжаттама әзірлеу жалғасуда.
Қаржыландырудың жалпы көлемі барлық жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін анықталады. Модернизацияның аяқталу мерзімдері де кейінірек белгілі болады.
Хайуанаттар бағы туралы
Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы ашылған. Бүгінде онда 361 жануар түрі ұсталады, оларға 223 қызметкер күтім жасайды.
Бұрынғы жоспарлар
2025 жылдың мамыр айында Алматы мәслихатының сессиясында цирк пен хайуанаттар бағын модернизациялау жобасын дайындау туралы хабарланған. Акимнің орынбасары Бейбут Шаханов қазіргі қоршаулар, аумақтар және инженерлік инфрақұрылым ескіргенін және келушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтінін атап өткен. Реконструкцияны 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізу жоспарлануда.