Қазақстандағы жалғыз стационарлық планетарий Ақтөбе қаласында орналасқан,
ол 1967 жылы ашылған. Планетарийдің ерекшелігі — оның көмегімен планетарий залдарының күмбезінде біз түнде көретін жұлдызды аспанның моделі бейнеленетін аппарат.
Планетарийде күн сайын балаларға, студенттерге және т.б. дәрістер оқылады, жұлдызды аспанды әуесқойлық бақылаулар ұйымдастырылады. Архивтерде астрономиялық құбылыстар суретке түсірілген көптеген слайд сақталады.
2008 жылы планетарий Еуразиялық планетарийлер достастығының құрамына енді.