Жаңалықтар

Тараз бен Алматыда 2,7 мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді

Полиция қызметкерлері Тараз бен Алматыда арнайы операция жүргізіп, 2,7 мыңнан астам күшті әсер ететін дәріні заңсыз айналымнан алды.

2 шілде 2026 · 09:12·Оқу: 2 мин

Тараз бен Алматыда 2,7 мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 шілде 2026

Өткен жылы құқық қорғау органдары есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымын тоқтату бойынша операция жүргізді. Оның барысында жедел қызметкерлер препараттарды ерекше ірі мөлшерде сақтау және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады.

Дәріханаларда тінту кезінде 364 «Трамадол» ампуласы, 1869 «Тропикамид» құтысы, 412 «Сомнол» таблеткасы және 72 «Димедрол» таблеткасы тәркіленді. Сонымен қатар, 17,16 грамм «Оксивин» заты табылды.

Барлығы 2,7 мыңнан астам ампула, құты және таблетка тәркіленді. Бұл препараттар күшті әсер ететін заттарға жатады, олардың рұқсат құжаттарынсыз еркін сатылуына тыйым салынған.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды ерекше ірі мөлшерде заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Пікірлер