Бұл учаскелерде құнарлы топырақ қабаты алынып, топырақ жамылғысы бұзылған. Алтын түстес металл, жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік тәркіленді.
Қазіргі уақытта барлық кінәлі тұлғалар, өндірілген металдың көлемі және залал мөлшері анықталуда. Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жыл басында сол Жармин ауданында бес адам алтын және басқа пайдалы қазбаларды рұқсатсыз іздегені үшін жауапқа тартылған. Сот оларды ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша кінәлі деп таныды.