Жалпы ауданы шамамен 2,7 мың га мемлекеттік орман питомниктері жыл сайын 160 млн-ға дейін көшет өсіреді. Соңғы бес жылда елдің қалалары мен ауылдарында қосымша 18,1 млн ағаш отырғызылды.
Қолдаудың жаңа шаралары
Үкімет декоративті питомник шаруашылығы үшін жеке ОКЭД кодын енгізуді пысықтап жатыр. Сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау жоспарлануда, бұл сапалы отырғызу материалын күмәнді шығу тегі бар өнімдерден ажыратуға мүмкіндік береді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, отандық жетекші питомниктерді, соның ішінде «Қазақстан орманы» ЖШС-ін Қазақстан тауар өндірушілерінің тізіліміне енгізуді қарастыруда. Декоративті питомниктерді және дендрологиялық сараптама жүргізетін ұйымдарды аккредиттеу немесе лицензиялау мүмкіндігі зерттелуде.
Жасыл желектердің цифрлық есебі
Қазақстанда 8 млн-нан астам қалалық ағаш цифрландырылды. Астана, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және басқа облыстарда интерактивті карталар мен жасыл желектер тізілімі пилоттық режимде жұмыс істейді.
Алдағы жылдары барлық облыс орталықтарында ағаштардың цифрлық есебін QR-кодтар беру және деректерді бірыңғай базаға енгізу арқылы аяқтау жоспарлануда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп мемлекеттік орман қорындағы орман мәдени жұмыстарының интерактивті картасы жасалды, оған елді мекендердегі отырғызулар туралы мәліметтерді қосу көзделуде.