Аудан әкімдігінің мәліметінше, барлық тиісті қызметтер күшейтілген режимге көшті. Мамандар су басудың салдарын жоюмен айналысып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Таңертеңге қарай аулалардан 7 мың текше метрден астам су сорып шығарылды. Жұмыстарға 25 техника бірлігі және 37 қызметкер жұмылдырылған, олар тәулік бойы жұмыс істейді.
Аудан тұрғындары үшін ыстық желі ашылды. Су басу кезінде немесе шұғыл көмек қажет болғанда +7 705 820 12 91 нөміріне хабарласуға болады.