Достық даңғылы бойынша енді Гоголь көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейінгі учаскеде тек солтүстік бағытта жүруге болады. Зенков көшесінде қозғалыс Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін оңтүстік бағытта ұйымдастырылған.
Әуезов ауданында Атамекен шағын ауданындағы Атамекен көшесінде №103 үйден №108 үйге дейінгі учаскеде оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілді.
Өзгерістер көлік жағдайын талдау және тұрғындардың өтініштерінен кейін енгізілді. Шешім Алматы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, жолдардағы жүктемені азайту және қақтығысты жағдайларды азайту мақсатында қабылданды.
Біржақты қозғалыс пилоттық режимде жұмыс істейді. Тиімділігін мониторингтегеннен кейін одан әрі шешімдер қабылданады.
Бұған дейін әкімдікте Тимирязев көшесіндегі BRT желісін демонтаждау мүмкіндігін зерттеп жатқаны туралы хабарланған. 20 маусымнан бастап Сайын көшесінде Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақ пилоттық режимде жұмыс істей бастайды.