Шатырдан жаңбыр суының канализациясын орнату, сыртқы демонтаж, сыртқы витраждар мен инженерлік желілерді бөлшектеу жұмыстары орындалды. Аралдық перрон платформасын орнату және уақытша электрмен жабдықтау желілері бойынша жұмыстар аяқталды.
Нысанда шатырды монтаждау, металл қаңқаны нығайту, инженерлік желілерді төсеу, жылыту, желдету және автоматты өрт сөндіру жүйелерін жүргізу жалғасуда. Сондай-ақ ішкі қабырғалар мен қалқалар тұрғызылуда.
Сонымен қатар сыртқы және ішкі витраж жүйелері жеткізіліп, орнатылуда. Нысан лифт және эскалатор жабдықтарымен, сондай-ақ жылыту, желдету және ауа баптауға арналған инженерлік жабдықтармен жинақталуда.
Реконструкция аяқталғаннан кейін вокзал эстетикалық және функционалдық сапасын жақсартады, ал жолаушылар заманауи талаптарға сәйкес жоғары деңгейдегі жайлылық пен қызмет көрсетуді алады.