Тексерулер барысында қадағалау органдары бұл құрылыстардың жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын мемлекет меншігі ретінде рәсімделмегенін анықтады. Арналардың стратегиялық маңызы бар: олар ауданның 243 мыңнан астам тұрғынына және іргелес ауыл шаруашылығы алқаптарына су береді.
Прокурорлық ден қою шаралары арқылы гидротехникалық нысандар мемлекетке берілді. Олардың мемлекет меншігінде болмауы құрылыстарды басқару мен күтіп-ұстауды, сондай-ақ халық пен егістіктерге суды тұрақты жеткізуді қиындатуы мүмкін еді.
Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.