Тексеру барысында кәсіпкерлерге дабыл түймесін қызмет көрсету, тәулік бойы күзету қызметтері және тауарларды — интерактивті панельдер мен кеңсе жабдықтарын жеткізу бойынша ақы төленбеген жағдайлар анықталды.
Прокуратура прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Оны қарағаннан кейін бұзушылықтар жойылды, шарттық міндеттемелер орындалды және кәсіпкерлерге 42,6 млн теңге аударылды.
Нәтижесінде 33 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Аудан прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңдылықтың сақталуын бақылауды жалғастыруда.