Тізімге ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енді. Партияның III кезектен тыс съезінің делегаттары бұл шешімді қаулымен бекітті.
Бұған дейін басқа саяси партиялар да өз кандидаттар тізімдерін бекітті. «Ауыл» 69 адамды, «Ақ жол» — 63, Қазақстан халық партиясы — 72, Respublica — 76, ал Бүкілұлттық әлеуметтік-демократиялық партия — 33 кандидатты ұсынды.