Трагедия Түркістан қаласында болды. Қаза тапқан адам жергілікті басқарманың патрульдік полиция батальонының аға инспекторы қызметін атқарған және капитан атағына ие болған.
Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жеңіл автокөлікті ұстауға шықты. Саттарханов даңғылы мен Тараз көшесінің қиылысында қызметтік көлік апатқа ұшырады. Бауыржан Қонысбеков ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты.
Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
Әлеуметтік желілердегі жүргізуші 180 км/сағ жылдамдықпен жүрген, ал полиция шара қолданбаған деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігі, Түркістан облысы полиция департаменті және ішкі істер органдарының жеке құрамы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.