Орталық сайлау комиссиясының отырысында партияаралық дебаттар өткізу туралы ақпарат жарияланды.
ОСК мүшесі Ляззат Суйиндик бұқаралық ақпарат құралдарының заңнама талаптарын сақтай отырып, мұндай іс-шаралар үшін өз алаңдарын ұсынуға құқығы бар екенін еске салды.
БАҚ және онлайн-платформалар сайлауалды үгіт-насихат басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 18 шілдеге дейін үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ оларды Орталық сайлау комиссиясына жіберуге міндетті.
Партиялық тізімдер ұсынған партиялар теледидар эфирлеріне, соның ішінде дебаттарға қатысуды сайлау қорларының қаражаты есебінен төлей алады.
Қазіргі уақытта «24KZ» телеарнасында дебаттар ұйымдастыру мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар, БАҚ өтініштері бойынша теледебаттар Jibek Joly, Qazaqstan және «7 канал» арналарының эфирінде өткізіледі деп жоспарлануда.