Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық рейстер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Осы жұмыс аясында FlyArystan Үрімші мен Ыстықкөл бағыттарын ашты.
26 маусымнан бастап Airbus A320 ұшақтары Ақтаудан Үрімшіге аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері ұшады.
3 шілдеден бастап Астанадан Ыстықкөлге рейстер іске қосылды. Олар да аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндері, Airbus A320 ұшақтарында орындалады.
Министрліктің мәліметі бойынша, жаңа бағыттар Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ азаматтардың сапарларын жеңілдетуге көмектеседі.