Тексерулер 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өтті. Экологтар 70 кәсіпкерлік субъектіні тексеріп, 400-ден астам бұзушылықты тіркеді.
Нәтижесінде 10 млрд теңгеден астам сомаға 228 әкімшілік айыппұл салынды. Осы сомадан шамамен 400 млн теңге өндірілді.
Өндірулердің нақты мысалдары
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-не 252 млн теңгеге екі айыппұл салынып, толық өндірілді. «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-нен 20 млн теңгеге он бір айыппұл өндірілді.
«Тау-Кен» ЖШС-нен 17 млн теңге, «Gas Processing Company» ЖШС-нен 45 млн теңге өндірілді.
Ең ірі төленбеген айыппұл
«Мугалжарский завод инертных материалов» ЖШС-не салынған 10 млрд теңге айыппұл әлі төленбеген. Кәсіпорында тексеру сәуір айында жүргізілді. Компания щебень өндіру кезінде су бүрку талабын орындамаған.
Егер айыппұл төленбесе, департамент сотқа жүгінеді және істі сот орындаушыларына береді. Компания тексеруге жауап ретінде ешқандай өтініш берген жоқ.