Марат Омаров квазимемлекеттік секторды қысқарту жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Ұлттық жекешелендіру офисінің қатысуымен квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді.
Бәсекелес ортаға берілетін активтердің жиынтық табысы 3,4 трлн теңгені құрайды.
Мемлекеттік сатып алу реформасы
Бір көзден сатып алу үлесі 39%-дан 24%-ға дейін төмендеді. Бәсекелес сатып алу көлемі 6,2-8,1 трлн теңгеге дейін өсті.
Заңнамалық өзгерістер
Агенттік бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы алтыншы түзетулер пакетін дайындап жатыр. Заң жобасы жеті бағытты қамтиды, олардың ішінде монополияланған нарықтарда бақылауды күшейту және мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту бар.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент Агенттік төрағасына бірқатар тапсырмалар берді.