Өңірлер бойынша бағалар мониторингі құнның айтарлықтай ауытқуын көрсетті. Ең арзан үстел үсті модельдері Қостанай мен Шымкентте — екі мың теңгеден қолжетімді. Қызылордада ең төменгі баға 2,5 мыңнан басталады, Таразда — үш мың теңгеден.
Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Талдықорғанда үстел үсті желдеткіштері төрт мың теңгеден тұрады. Ең қымбат модельдер Өскеменде — 54 990 теңгеге дейін ұсынылады. Семейде максимум 50 мыңға жетеді, Ақтау мен Оралда — 45 990 теңге.
Еден модельдері
Еден желдеткіштерінің ең төменгі бағалары Таразда — бес мың теңгеден тіркелді. Павлодарда олар 6,3 мыңнан, Ақтөбеде — 6,5 мың теңгеден басталады.
Астанада жекелеген еден модельдері 125 мың теңгеге дейін тұрады. Алматыда жоғарғы шегі — 120 990 теңге, Семейде — 90 мың, Өскеменде — 89 мың теңге.