Экономика

Қазақстан түсті металдарды алты айға шығаруға тыйым салады

2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан түсті металдардан жасалған өнімнің жекелеген түрлерін экспорттауға алты айлық тыйым салады.

2 шілде 2026 · 07:52·Оқу: 1 мин

Қазақстан түсті металдарды алты айға шығаруға тыйым салады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 шілде 2026

Шектеу түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларға қатысты. Тізімге тазартылмаған мыс, электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары, прокаттауға арналған дайындамалар, мыс қорытпалары, сондай-ақ оқшаулаусыз мыс сымдары, өрілген баулар және ұқсас бұйымдар кірді. Тыйым қорғасынның жекелеген түрлеріне де таралады.

Аталған өнімді барлық көлік түрлерімен шығаруға болмайды. Шектеу ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес бұйрық негізінде енгізіледі.

Пікірлер