Кабулдағы сауда үйі 2024 жылы Гератта алғашқы үйдің ашылуынан кейінгі екінші алаң болды. Ол қазақстандық тауарлар үшін тұрақты көрме-сауда аймағы ретінде жұмыс істейтін болады.
Алаңда азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарларға арналған аймақтар, қазақстандық құрастырудағы автокөліктердің шоурумы және дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерді сақтау мен жеткізуге арналған қойма орналастырылды.
Ашылу кезінде «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ мен Afghan German Bakhtar Company арасында мырыш рудасын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойылды. Жылдық көлемі — DAP шарттары бойынша шамамен 30 мың тонна, жалпы сомасы — 18,88 млн доллар. Руда «Казцинк» қажеттіліктеріне жұмсалады.
Болашақта сауда үйінің базасында автокөліктерге сервистік қызмет көрсетуді іске қосу және қазақстандық фармацевтикалық өнімдердің жүйелі жеткізілімдерін жолға қою жоспарлануда.
GWM Capital LTD директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Құдайбергеннің айтуынша, ауған нарығы шикізаттық емес экспорт үшін, соның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өндірісі үшін техника мен қызметтер бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады.