Тараптар Қазақстан үкіметі мен Еуропалық Одақ арасында әуе тасымалдарының кейбір аспектілері бойынша келісім жасады.
Сонымен қатар Air Astana мен Airbus арасында 50-ге дейін әуе кемелеріне тапсырыс рәсімделді.
Қазақстан Көлік министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу және «Е-жолдары» цифрлық платформасына грант беру туралы меморандумға қол қойды.
Еуропалық инвестициялық банк пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» Транскаспий халықаралық көлік бағытына кіретін аймақтардағы жолдарды қалпына келтіруді қаржыландыру туралы келісімге келді.
Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ЕҚДБ минералдар мен металдар саласындағы озық тәжірибе орталығының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы меморандум жасады.