Оның сөзінше, сыйақылар белгіленген көрсеткіштер орындалған жағдайда ғана төленеді. Бонустар жүйесі «Самұрық-Қазына» бекіткен корпоративтік ережелер бойынша жұмыс істейді.
Жамауов QazaqGaz-тегі сыйақыларды тым үлкен деп санамайтынын қосты. Оның пікірінше, міндеттерді орындап, нәтиже көрсететін басшылар мұндай төлемдерге құқылы.
2025 жылға қанша төленді
Консолидацияланған есептілікке сәйкес, 2025 жылға негізгі басқарушы персоналға сыйақының жалпы сомасы 737,5 млн теңгені құрады. Бұл сома 13 адамға – басқарма мүшелеріне және тәуелсіз директорларға төленген.
Сома жалақыны және басқа да есептеулерді қамтиды және компанияның жалпы шаруашылық шығындары құрамында көрсетілген.